Bugin

Скотт Моррисон: «Украина қорғаныс күштеріне 50 миллион доллар бөлеміз»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Австралия Украина қорғанысын қолдау ретінде 50 миллион доллар және гуманитарлық көмекке 25 миллион доллар бөледі. Бұл туралы Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон айтты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

- «Біз Украина қорғанысын қолдау үшін 50 миллион доллар бөлеміз және оның көп бөлігі зымырандар, оқ-дәрілер мен әуе қорғаныс күштеріне арналады. Ал біз мұны НАТО-мен бірлесіп жасаймыз. Сонымен қатар, біз гуманитарлық көмек көрсетеміз, бастапқы жарна 25 миллион долларды құрайды», - деді Моррисон ABC News арнасы таратқан баспасөз мәслихатында.